Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

  1. РМК «Қазсушар» (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2011 жылы құрылды және негізгі қызметі – су шаруашылығы нысандарын пайдалану, күтіп-ұстау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Кәсіпорынның балансында барлығы 5932 су шаруашылығы нысандары бар. Оның ішінде: 87 су қоймасы, 84 гидроқұрылым, 35 бөгет, 3480 канал (жалпы ұзындығы – 21,181 мың км-ден астам, суармалы жердің суарылатын ауданы 1,0 млн гектардан астам), оның ішінде магистральдық каналдар – 414 (МК), шаруашылықаралық каналдар – 480 (ШАК), шаруашылықішілік каналдар – 2586 (ШІК), 16 топтық су құбыры және басқа да гидротехникалық құрылыстар.

    Аталған нысандардың ішінде 206 гидротехникалық құрылыстар бар, оның ішінде 25 жылдан астам пайдаланылып келе жатқан 193 нысан және 25 жылға дейін пайдаланылған 13 нысан бар. Бұл нысандар төтенше жағдай орын алғанда әлеуетті қауіп төндіреді және оларды көпфакторлы тексеруден өткізіп, қауіпсіздік декларациясын алу қажет.

    Бүгінгі таңда 22 нысанда көпфакторлы тексерулер жүргізілді және 15 нысан бойынша қауіпсіздік декларациялары (ҚД) алынды, оның ішінде 2023 жылы 11 нысан МФТ (многофакторлық тексеру) және 15 нысан ҚД бойынша қамтылды.

    Кәсіпорын 2024 жылы 34 нысан бойынша көпфакторлы тексерулерді және 38 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын алуды жоспарлап отыр.

    Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №933 қаулысымен бекітілген «Ерекше стратегиялық маңызы бар, соның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне» 77 нысан енгізілген, оның ішінде 50 су қоймасы және 27 гидроқұрылым.

    Бұдан басқа, Кәсіпорынның балансында 3 су электр станциясы (ГЭС) бар:

    • Солтүстік Қазақстан облысы – Есіл өзенінде Сергеев гидроқұрылымында жалпы қуаты 2,64 МВт.

    • Қарағанды облысы – Нұра өзенінде Интумак су қоймасында қуаты 0,6 МВт.

    • Жетісу облысы – Қорғас өзенінде ҚХР-мен бірлескен «Достық» гидроқұрылымында жалпы қуаты 2 МВт.