
Республика аумағындағы су тасқынына қарсы ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп бірқатар алдын алу шараларын жүргізуде. Бұл туралы комитет төрағасы Нұрлан Алдамжаров айтты. Оның сөзінше, Қазақстанның барлық өңірлерінде су тасқынын өткізуге гидротехникалық құрылыстар дайындалды, тәулік бойы кезекшілік кестесі бекітілген.

Сапар барысында ол Достық магистралды каналының жағдайымен танысып, Жетісай, Мақтаарал аудандарында суармалы су тапшылығын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылады, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) ҚС 10 кВ кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «Astana City Engineering» ЖШС Нұр-сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, И.Омаров көшесі мен Е-312 көшесі қиылысында орналасқан "Inju City" ТК салынып жатқан объектісіне дейін жылу трассасының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіп жатқаны анықталды. Монтаждау жұмыстары "Астана-АЭК" АҚ және 10 кВ кабель желілері иелерінің келісімінсіз жүргізілуде, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 242 тармағын, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және осындай аймақтардың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайлары қағидаларының 20-тармағын бұзу болып табылады.