
Фермерлер сумен жеткілікті көлемде және уақытылы қамтамасыз етілуде, деп хабарлады "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев. Бұған көктемгі жауын-шашынның қажетті деңгейіне жету ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның тұрақты, жүйелі жұмысы да ықпал етеді.

Бүгін су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың қоғамдық талқылауы өтті. Мемлекеттік қадағалауды енгізу су заңнамасын бұзушылықтардың салдарын болдырмауды, анықтауды, жолын кесуді және жоюды, соның салдарынан су қатынастарының барлық субъектілері үшін әділ және тең сумен қамтамасыз етуге жағдай жасауды көздейді. Іс-шараның модераторы – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Темірбекұлы Аяшев, спикер – Су ресурстары комитетінің Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Марат Уәлиханұлы Иманалиев, сондай-ақ ҚР Су саласының ардагерлері.