Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Үлкен Келес магистралды каналының оң жақ беткейінде берманы тас аралас топырақтан тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 3000 текше метр тас аралас топырақ шығарылды.

       

 

«Қазсушар» кәсіпорынының «Қ.Сәтбаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында №57 канал астындағы су өткізу құбырларын және №56 канал арнасын тазартты. №55 канал маңындағы тоғандардағы ойпаттарды бітеу және қоршау бөгеттерін нығайту, сондай-ақ №54а каналындағы бөгет жотасында жөндеу жұмыстарын жүргізді.

№58 канал астындағы №123 су өткізетін құбырды тазарту жұмысы жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, қазан айының соңына дейін №63а каналының астындағы №128 құбырды жөндеу жоспарланып отыр.

 

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жарма ауданындағы Шар су қоймасының бөгетін бетондап жатыр. Құрылыс жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.